Мәліметтер беті

Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. 
 Ұлы дана Абай мыңдардың, қала берді миллиондардың сапынан суырылып шыққан кемеңгерлік керуенінің ақыл-ой алыбы. Жүз жыл бойы ақын біткен өзге тілдерге тәржімалауда шыңына шыға алмай келе жатқан Абай асқарларының тұңғиық тереңдерінде оның осы адамзат мұраттарын көксеген алып болмысы,планетарлық парасат пайымдары жатыр. Абай аудармалары -қазақ және әлем мәдениеттерінің тығыз өзара ықпалдасуының нышаны. Абай қазақ тіліне алғаш аударған ғаламат туындылары қазақ халқының әлем мәдениетін түсінуіне жол ашты.

Комментариев нет:

Отправить комментарий