16 қыркүйек күні сағат 15/00-де Ш.Ералиев ауылдық Мәдениет үйінде ұлы ақын,жазушы,қоғам қайраткері,қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арналған "Желсіз түнде жарық ай" атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.Кеш мәдениет үйінің меңгерушісі Көпбосынов Жалынның сахна сыртында "Өлсем орны қара жер сыз болмайма" өлеңін домбырамен орындауымен басталды.Кітапханашы Қожамуратова Жанакт Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен таныстырып,еңбектері мен шығармаларында айтып өтті.Кітапханашы Кульмаганбетова А Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін әсерлі орындады. Көпбосынов Ж Абайдың "Сегіз аяқ", "Айттым сәлем Қаламқас" әндерін тыңдарман қауымға домбырамен орындады.О.Әлібаев атындағы орта мектебінің әдебиет пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары "Абай ауылынан көрініс" көрсетті.
Кітапханашы Төлеуова Қ "Даналықтың дариясы" атты Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстырып,шолу жасады.
О.Әлібаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Мұстафина Айсұлу өз шығармашылығымен "Абай атаға арнау" өлеңін мәнерлеп оқыды.Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетіндегі алатын орны ерекше екенін осыдан білуге болады.
Кеш соңы ауылдың бір топ қызметкерлерінің "Желсіз түнде жарық ай" әнін хормен орындауымен аяқталды.